Ел тынысы

Қорғау дайындығын тексерді

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Оралдағы су тасқынының белсенді кезеңіне дайындық барысын тексеріп, өзен жағалаулары мен қорғаныс бөгеттерін нығайтуды тапсырды.

Оралдағы Жайық өзенінің су деңгейі сағат 12:00-де 7,58 метр болды. Сарапшылар су тасқынының шарықтау шегі 20-21 сәуірде болады деп болжап отыр. Жайық өзенінің қала тұсымен өтетін бойы 28 шақырым, оның 21 шақырымына біліктер мен бөгеттерді нығайту және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға 1300 ерікті мен 800-ге жуық әскери қызметкер, 300-ден астам арнайы техника тартылған.

Вице-премьер жер біліктерінің деңгейін 12 метрге дейін көтеруді тапсырды (қазір қала бойынша қауіпті меже – 8,5). Сондай-ақ Оралды Шаған өзенінің жайылмасы жағынан қорғау туралы шешім қабылданды. Су басу қаупі жоғары аумақтар – қаланың саяжай массивтері, Бөрлі, Теректі, Ақжайық және Бәйтерек аудандарындағы елді мекендер. Өзен алабы бойындағы бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары эвакуацияланды. Оралда 18 жедел-эвакуация пункті ашылды. Мұнда 1690 адам орналасқан.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button