Ел тынысы

1 мамырдан бастап Астана әуежайы жабылады

Астана әуежайы 1 мамырдан бастап рейстерді тоқтатады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты 2024 жылғы 1 мамырдан бастап жұмыс аяқталғанға дейін әуе айлағы жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ден 6:00-ге дейінгі кезеңде әуе кемелерін қабылдау және жіберу үшін жабық болады», – делінген хабарламада.

Соған сәйкес, авиакомпаниялардың Астанадан немесе Астанаға қатынайтын белгілі бір рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.

«Ұшу немесе қарсы алу жөнінде өзекті ақпарат алу үшін әуе тасымалдаушыларына хабарласуды сұраймыз», – деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button