Мәдениет

Турнирдің деңгейі көтерілді

Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға ­арналған халықаралық турнирде еліміздің грек-рим балуандарынан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы және Ресейдің мықты спортшылары қатысты.

2017 жылдан бері ұйымдастырылатын турнир төртінші рет халықаралық дәрежеде өтті. 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін жарыс биылғы күнтізбеге енді. Биыл Париж Олимпиадасы өтетіндіктен, турнир жылдағыдан ерте өтті. Бірқатар қатысушы ел Жақсылық Үшкемпіров турниріне Олимпиада ойындары алдындағы спорт бәсекесі ретінде маңыз беріп, мықты деген спортшыларын әкеліпті. Сондықтан бұл жарыс деңгейі көтерілгенін айғақтады десек болады.

Турнирдің бірінші күні 55, 63, 72, 82, 97 келі салмақтағы балуандар күш сынасты.

55 келіде:

1-орын. Әлібек Амиров (AIN); 2-орын. Айбек Айтбеков (Қазақстан); 3-орын. Арсен Жұма (Қазақстан) 3-орын; Хусейн Савадов (Әзербайжан).

63 келіде:

1-орын. Ерзу Закриев (AIN); 2-орын. Дамир Ибрашов (Қазақ­стан); 3-орын. Махаммад ­Шукурзаде (Әзербайжан); 3-орын. Даниал Молдабек (Қазақстан).

72 келіде:

1-орын. Руслан Нуруллаев (Әзербайжан); 2-орын. Тайыр Амангелді (Қазақстан); 3-орын. Ырыскелді Хамзаев (Қырғызстан); 3-орын. Ақжан Ықыласов (Қазақстан).

82 келіде:

1-орын. Ерасыл Жеңіс (Қазақ­стан); 2-орын. Исмаил Рзаев (Әзербайжан); 3-орын. Рамазан Пашаев (Украина); 3-орын. Жанболат Бекен (Қазақстан).

97 келіде:

1-орын. Егор Якушенко ­(Украина); 2-орын. Амирхон Бердіқұлов (Өзбекстан); 3-орын. Максим Аверин (AIN); 3-орын. Баһрам Құрбанов (Қырғызстан).

Жарыстың алғашқы жеңімпаз­дары ақшалай сыйақы (1-орын – 1,5 млн теңге, 2-орын – 1 млн теңге, 3-орын – 500 мың теңге, чем­пионның бапкері – 100 мың теңге) және медальмен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button