Ел тынысы
Жол жүру ақысы 110 теңге болады
Жазда Астанадағы жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде айтты.
«Жазда жол жүру ақысы қымбаттайды. Қазіргі 90 теңгелік жол ақысы 10 жыл бұрын бекітілген еді. Бұл уақытта жүргізушілердің жалақысы, бензин құны – бәрі өзгерді. Сондықтан бұл өзгерістің негізі бар. Қазір әкімдік әрбір жолаушы үшін 250-300 теңге субсидия төлеп отыр», – деді Жеңіс Қасымбек.
Қалалық мәслихат регламентке сәйкес, осы шешімді қабылдайды.
Бұған дейін Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов те қоғамдық көлікте жүру ақысын көтеру бастамасын айтқан еді.