Басты ақпарат

БІР ЖАРЫМ МИЛЛИОНЫНШЫ КЕЛУШІ ТІРКЕЛДІ



Төрткүл дүниені төріне шығарған Астанамыз­ға ағылған халықтың қарасы қалың. Осыдан он үш күн бұрын ЭКСПО-ға келген миллионыншы келушіні жарыса жазып едік. Араға аз уақыт салып, оған 500 мың адам қосылды. Күні кеше халықаралық көрмеге бір жарым миллионыншы келуші тіркелді.

Көрме қалашығына қашан барсаңыз да, билет кассаларындағы ұзын-сонар кезектің куәсі боласыз. Әсіресе, соңғы бес күнде келушілердің саны күрт өскен. 17-23 шілде аралығында көрмеге 285 300 адам келіпті. Бұл дегеніңіз орта есеппен алғанда көрмеге күніне 40 757 адам келді деген сөз. Көрменің алғашқы күндерінде орта есеппен 23 мың адам келген болса, 10 маусым мен 23 шілде аралығындағы келушілердің саны 1 484 300-ге жеткен.

Ал келушілер ең көп баратын павильондардың қатарында «Нұр Әлем» көш бастап тұр. Сондай-ақ Африка, Мысыр және Индия, Ресей, Түркия, Жапония, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Таиланд және Түрікменстан елдері де қызықты павильондардың қатарына жатады.

Естеріңізге сала кетейік, көрменің тіркеу құжаттамасында ЭКСПО-2017-ге 2 миллион адам келеді және көрме нысандарында жалпы саны 5 миллионға жуық келуші тіркеледі деп жоспарланған еді.

Гүлжан РАХМАН




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button