Елорда тынысы

Бірлескен жұмысқа ерекше көңіл бөледі



Жуырда Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Астана мәс­лихатының төрағасы Ерлан Каналимов елорда Ардагерлер кеңесінің пленумына қатысты. Бұл туралы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгінгі таңда Астанада 100 мыңнан астам зейнеткер, соның ішінде 10 ҰОС ардагері, 1544 тыл еңбеккері тұрады. Елордамыздың қарт тұрғындары үшін қазіргі таңда өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Белсенді ұзақ өмір сүру, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары ашылуда. Астана қаласының әкімімен бірге қалалық Ардагерлер кеңесі пленумының жұмысына қатыстық. Кездесуде ардагерлер ұйымының Астана қаласының мәслихатымен және әкімдігімен санитарлық-курорттық емдеу, тіс протездеу қызметін көрсету, тұрғын үйлерді газдандыру, отын сатып алу кезінде әлеу­меттік көмек тағайындау, Жеңіс күні мен Қарттар күніне біржолғы төлемдер мәселелеріне қатысты жемісті ынтымақтастығымыз атап өтілді. Депутаттардың Ардагерлер кеңесімен бірлескен жұмысы одан әрі жемісті жалғасатынын атап өткім келеді» деді қалалық мәслихат төрағасы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button