Басты ақпарат

Болашақтың бағбаны



ERA_6826

Даңқты дәрігер де, еңбекқор егінші де, ғұлама ғалым да дүниеде екі жанға қарыздар болса, оның бірі – ана, бірі – мұғалім. Толыққанды тұлға ретінде қалыптасуымыз үшін мектепте алған білім мен ойға тоқыған тәрбиенің маңызы үлкен. Алашшыл ақын Мағжан Жұмабаевтың «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деуі де соны аңғартса керек.

Ұстаз – диқан сияқты. Жылдар бойы шәкіртінің санасына даналықтың дәнін сеуіп, сәуле құяды. Балаң шыбықты баптағандай, оқушысын жаманнан қорғап, жақсыға үйір етеді. Ақ пен қараның аражігін ажыратып, оң-солын тануына жәрдемдеседі. Қанша уақыт өтсе де, есімдері көңілімізде күн болып жарқырайтыны сондықтан.
Адамзат атаулыны аппақ армандарға ұмтылдырып, жүрегіне жарық беретін ұлы жандарды қалай құрметтесек те жарасады. Өйткені, осынау әлемнің ұстаз алдындағы борышы ұшан-теңіз.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button