Елорда тынысы

Дәрігерлер марапатталды



Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне орай Қазақстанда биыл 2449 дәрігер түрлі марапаттарға ие болды. Соның ішінде Астана қаласындағы №3 көпсалалы ауруханада бірнеше дәрігерге сіңірген еңбегі үшін арнайы төсбелгілер табыс етілді.

Аталған аурухананың дәрігерлеріне «Еңбек ардагері», «ҚР денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгілері мен Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары берілді. Атап айтқанда, бұл марапаттар аурухананың нейрохирург дәрігері №3 Юрий Дихтярьға, дәрігер дерматовенеролог Мағрипа Баймұратоваға, аға медбикелер Айна Жұмағұлова мен Екатерина Коньковаға, нейрохирург дәрігерлер Ермек Ибраевқа, Гүлбаршын Айнақұловаға, дерматовенеролог Әлия Кариеваға және УЗИ дәрігері Жанна Сүлейменоваға табысталды. Аурухана директоры Жұлдыз Данбаеваның айтуынша, жыл басынан бері бұл емдеу мекемесінде 13500 пациент емделіп шығып, 3301 жүкті әйел босандырылған, 3343 сәби дүниеге келсе, соның екеуі  үшем болған, сонымен қатар 4500-ден астам ота жасалған.

– Біздің стационар адам өлімі жағынан ең төмен көрсеткішке ие, ана өлімі жоқ. Арыз-шағымдар үш есе төмендеді. Консультативтік-диагностикалық бөлімшелерде, травматологиялық пунктте, зертханаларда биыл 100 мыңнан астам пациент қабылданды. Бүгінгі таңда Астана қаласы әкімдігінің жергілікті бюджеті есебінен жоғары технологиялы медициналық жабдықтар алынды. Олар емдеу мен ауру диагностикасының сапасын жақсартуға септік етеді, – деді Жұлдыз Данбаева.

Бүгінде елімізде барлығы 270 мың медицина қызметкері еңбек етсе, соның 79 мыңы – дәрігерлер, 191 мыңы – орта медициналық персонал. Қазақстанда медициналық жоғары білім беретін 8 ЖОО және көпсалалы оқу орындары құрамында 7 факультет бар. 2022-2023 оқу жылындағы медициналық саладағы студенттер саны 64 мыңнан астам. Былтыр 7450 медицина маманы оқу бітірген.


Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button