ӘлеуметЖаңалықтар

Дарындылар дараланды



08-1-asli

Астанадағы Назарбаев орта­лығында Қазақстан Респуб­ликасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары марапатталды.

Тоғызыншы мәрте өтіп отырған салтанатты шарада өнер мен ғылымға ерен үлес қосып, ел абыройын ас­қақ­татып жүрген дарынды жастардың мәртебесі биік­теді. Биылғы Елбасы қоры сыйлығына әр өңірдегі талантты талапкерлерден 127 өтінім түскен. Қазылар құрамы солардың барлығын жіті зерделеп, 18 жобаны үздік деп таныған. Қатарластарынан суырылып шығып, бәйге ал­ғандар қатарында елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртісі Сырым Қашқабаев, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры КЕАҚ балет труппа­сының жетекші солис­тері Талғат Мұсабаев, Мәдина Басбаева, Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курс студенті, бүгінде аты әлемге та­нылған Димаш Құдай­берген және Л.Гумилев атын­дағы Еуразиялық ұлттық уни­верситетінің Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кафедрасының доценті Рауан Лұқпанов секілді жалынды жастар бар.

Азамат ЕСЕНЖОЛ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button