Қоғам

Диалог алаңында – сарабдал сарапшылар



ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Kyzmet Talks диалог алаңында сарапшылық кездесу өтті. Онда аудит және мемлекеттік органдар қызметі нәтижесінің тиімділігіне мониторинг жасау мәселелері талқыға түсті.

Жиынға ҚР Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мен ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова, Сенат депутаты, ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің мүшесі Михаил Бортник және ҚР Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаментінің директоры Арман Бектұрова қатысты.

Кездесу барысында сарапшылар мемлекеттік аудит, қаржылық бақылау және мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесі туралы сөз қозғап, аудиторлық органдар алдында тұрған қазіргі қиындықтарды және мемлекеттік сыртқы аудиттің жаңа тәсілдерін талқылады. Бұл тұрғыда Наталья Годунова міндеттерді тиімді іске асыруға кедергі келтіретін кемшіліктерді айқындайтын, аудиттелетін субъектінің жұмысын және әлеуметтік-экономикалық әсерді жақсартудағы жаңа әдістер туралы баяндады. Ал Гүлжан Қарагұсова мемлекеттік аудит пен мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігі туралы және осы салаларда қандай мәселелердің бар екенін айтты. Өз кезегінде Михаил Бортник алдағы үш жылда бюджеттің қалай қабылданатынын және Парламенттің қандай қиындықтарға тап болғаны туралы сөз етті.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button