Елорда тынысы

Донор бол да, өмір сыйла!

14 маусым Дүниежүзілік қан доноры күні. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұйымдастыруымен «MEGA Silk Way» сауда ойын сауық орталығының алаңында мерекелік концерт қойылды.

Іс-шараға Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, қан донорларымен қатар, отандық эстрада жұлдыздары мен қатар басқа да республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары, блогерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Ал марапат иелерінің сыйлықтарын табыстап сөз сөйлеген Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбекұлы Астаналықтарды мерекемен құттықтап, жақсылық жасаудан шаршамауға шақырды.

-Сіздерді Дүниежүзілік қан доноры күнімен құттықтаймын! Қан доноры болу – қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына үлес қосатын батыр болу деп білемін.
Барлық мұқтаж жанды қауіпсіз қан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ерікті қан мен плазма донорлығының маңызы зор,-деп атап өтті ол.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхамеджан Әбдіәшімұлы да сөз сөйлеп, қатысушыларға өз алғысын жеткізді.

Ал, іс-шара барысында ұзақ жылдар бойы тұрақты түрде қан тапсырып келе жатқан құрметті донорлар марапатталды. Атап айтар болсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Мекке Абдоллаев, Никитин Александр, Құрманғазы Көрпешов марапатталды. Бұл төсбелі өмір бойы 40-тан астам рет қан тапсырған адамдарға беріледі.

Сондай-ақ, өмірінде оннан астам, қырыққа таяу донация жасаған Жанат Елубаев, Нұрлан Жаңабеков, Ұлан Диянов, Нұрсұлтан Қажкенов, Арман Тұяқпаев, Андрей Пан, Аян Балташев сияқты азаматтарға елордалық қан орталығы мен қалалық Мәслихат депутаты Нұрлан Мүслімнің атынан құрмет грамотасы және естелік сыйлықтар табысталды.

Марапат иелері өздерінің еңбектерінің еленгеніне ризашылығын білдірді.

-Мен 18 жасымнан бастап бүгінгі күнге дейін 13 жыл бойы қан тапсырып келе жатырмын. Ең бастысы біреуге өз қолыңнан келген көмегің арқылы жақсылық жасау адам жанын тыныштандырады. Қуаныш сыйлайды,-деді марапат иесі Мекке Абдоллаев.

Шапағат Әбдір

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button