Басты ақпаратЖаңалықтарҚала мен Сала

ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ



Астананың сол жағалауындағы 31-көше құрмет белгісі ретінде Иордан Хашимит Корольдігінің бұрынғы королі Хусейн бен Талалдың есімімен аталды.

Салтанатты шараға Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен Амман қаласы муниципалды комитетінің төрағасы Юсуф Аль Шауариб және басқа да мәртебелі қонақтар қатысты.

– Біз екі жақты сауда-экономикалық және гуманитарлық байланысты одан әрі кеңейте түсуге үлкен мән береміз. Иордания делегациясының бұл сапары біздің қарым-қатынасты нығайтатына сенімдімін. Қонақтарды Иорданияның Ұлттық күнімен құттықтаймын, – деді елорда басшысы.

Ұзындығы үш шақырымнан асып жатқан Хусейн бен Талал атындағы көше Ш.Айтматов көшесінен бастау алып, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел даңғылдарымен қиылысады.

– Бұл шара екі елдің ынтымақтастығына оң ықпалын тигізеді. Біз Астана мен Амман қалаларының араларындағы мәдени және экономикалық берік байланысты жоғары бағалаймыз, – деп Юсуф Аль Шауариб атап өтті.

Осы жылдың мамыр айында Астана әкімдігінің қаулысы және елордалық мәслихаттың шешімімен «ЭКСПО-2017» көшесіне жақын орналасқан №31 жобалық көшеге Иорданияны 1952-1999 жылдар аралығында басқарған Хусейн бен Талалдың есімі берілді.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button