Ел тынысы

Дүниежүзілік банктің Қазақстан экономикасы туралы есебінің тұсаукесері өтті



Астанадағы Экономикалық зерттеулер институтында Дүниежүзілік банк «Ертеңгі күнді қалыптастыру: ұзақ мерзімді өркендеуге арналған реформалар» баяндамасын ұсынды. Бұл жартыжылдық шолуда соңғы экономикалық өзгерістер мен елдің даму перспективаларына талдау жасалған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Шара барысында Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов министрліктің алдағы 5 жылдық кезеңге болжамы және Үкіметтің тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу негізін нығайту жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Дүниежүзілік банктің сарапшылары тұрақты өсімге баса назар аудара отырып, Қазақстанның алдағы екі жылға арналған экономикалық перспективалары туралы пайымдауларын ұсынды. Баяндаманың арнайы бөлімінде Қазақстанның экономикалық өсуінің алдында тұрған сын-қатерлер, сондай-ақ олардың негізінде жатқан құрылымдық проблемалар қарастырылып, ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ететін басым реформалар ұсынылған.

Құжат қазіргі экономикалық жағдайды түсіну мен Қазақстанның болашақтағы даму стратегиясын анықтауға маңызды болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар орта мерзімді перспективада экономиканың жаңа өсу нүктелерін табу үшін бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button