Басты ақпарат

ЕКІ АСТАНА БАСЫЛЫМЫ БАСШЫЛАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ



doc6mkb8ti2xihfu84fb29_800_480

      «Вечерняя Москва» газетінің бас редакторы Александр Куприянов (ортада) Қазақстаннан келген делегацияға редакция орналасқан ғимаратты аралатып,  көрсетуде.

     Кеше, 6 қазанда «Вечерняя Москва» газеті редакциясында Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Михаил Чирков, «Астана ақшамы» газеті редакциясы» ЖШС директоры Сергей Кузовников және Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Виктор Кияница  қонақта болды.

     Лауазымды меймандарға «Вечерняя Москва» газетінің бас редакторы Александр Куприянов өздерінің қазіргі қызмет орындарын таныстырып, қол жеткен оң өзгерістер туралы баяндады.

     Осыдан төрт жыл жарым  бұрын  «Вечерняя Москва» оқырмандар аудиториясын тұтастай кеңейтіп, тиражын ұлғайтты. Арнайы метрода сатылатын «Москва вечерняя» басылымы шығарылып,  апта сайын осы газеттің «етжеңді санын», іскерлік ортаға бағытталған «Москвичка», «Москва. Центр» және «Новое округа» аймақтық газеттері мен арнаулы шығарылымдары жарық көріп тұрды. Бұған қоса, кітаптар сериясы мен қала тіршілігін оқырмандарға жедел жеткізетін редакцияның жеке теле-радио студиясы жұмыс істейді. Қазір «Мәскеу халқы» айдарымен берілетін хабарлар бұқара арасына кеңінен тарап, қаланың үлкен алаңдарында интернационалдық фестивалдер өткізуге мұрындық болып жүр.

      – Кейбіреулер «кавказдық ұлт» деген сөзді «ана жерде тонап кетті, мына жерде мерт қылды» деген сияқты  үрей туғызатындай әсерде айтады. Ал, біз әзербайжан, дағыстан, чешен, тәжік ұлттарының бетке шыққан қаймақтарын – ғалымдары мен дипломаттарын, әртістерін үлгі тұтып, олар туралы кеңінен толғаймыз, теледидардан көрсетеміз. Олар өздерінің ұлттық костюмдерін киіп, ән салады, би билейді. Халықтар достығы деген осы болса керек. Мұндай фестивальге адамдар қызығушылықпен келеді», – деді Александр Куприянов.

         Қазір «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттері біріктіріліп, шығармашылық ізденістегі жаңа кезеңдер қолға алынып отырған кезде екі басылымның мүдделері мен түйткілді мәселелері ортақ екендігі байқалды. Сондықтан, өзара ынтымақтастық басты қағидаға айналып отыр.

     – Сіздердің  Беларуссиямен жасаған «Москва – Минск» жобаларың біздің қызығушылығымызды туғызды. Екі астана арасында осыған ұқсас  бір жоба жасағымыз келеді. Астанада 2017 жылы «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді. Сондықтан біздің мәскеуліктерге айтар әңгімеміз аз емес» деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Михаил Чирков.

 «Егер мен қателеспесем, Мәскеудегі әрбір төртінші бөлке қостанайдың бидайынан пісіріледі. Қазір Астанадан Мәскеуге ұшатын ұшақтарда орын болмайды. Жолаушылардың тең жартысы – бизнесмендер. Біздің арамызда қалыпты сауда қарым-қатынасы орнаған. Алайда, бүгін таңда бізді қызықтыратыны ақпараттық байланыс. «Бас басына би болған заман» өтті, енді біз жұмылып жұдырық болумыз керек. Сіздегі ақпараттар бізге қызық, сол сияқты, астаналықтардың тіршілігі мәскеуліктерді де бейжай қалдырмайды деп сенеміз.

     Сондықтан, таяу уақытта «ВМ»  беттерінде жаңа айдарлар ашылуы әбден мүмкін. Ал, Мәскеу – Астана» телекөпірі желілік хабар тарату аясында біздің ізгі дәстүрімізге айналмақ» деді өз сөзінде Сергей Кузовников.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button