Денсаулық

Екі отаны сәтті жасады



Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында жүкті әйелдің миындағы ісікті алып тастау және кесарь тілігі арқылы босандыру отасы сәтті жасалды. Ананың да, баланың да өмірін аман сақтап қалу үшін нейрохирург дәрігерлер мен «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының акушер-гинекологтары екі отаны қатар жасаған.

Нақтырақ айтқанда, дәрігерлер жүкті әйелдің миының сол жақ маңдай-самай-төбе бөлігіндегі ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастаған және  сол уақытта жүктіліктің 34 аптасында әйелді кесарь тілігі арқылы босандырған. Жас әйелдің миында көлемді ісік  бар екені биыл шілде айында анықталған. Жүктіліктің 29-аптасында науқас Ұлттық нейрохирургия орталығына жатқызылған. Іштегі шарананы сақтай отырып, сол жақ маңдай бөлігінің ісігін алып тастау үшін бірінші ота жасалған соң науқастың денсаулығы жақсарып, үйге шығарылады. Бірақ көп ұзамай әйел соңғы уақытта денсаулық жағдайының нашарлағанын байқай бастайды. Миға МРТ жасалып, онда ісік мөлшерінің ұлғайғаны анықталады. Отадан кейін науқастың негізгі диагнозы бойынша ауруы асқынып, ісік көлемі ұлғайып, тез өсе бастаған. Ал бұл пациенттің қозғалыс және сөйлеу орталықтарының бұзылуына әкелген. Мидың сол жақ маңдай-самай-төбе бөлігіндегі ісікті микрохирургиялық жолмен алып тастау үшін екінші ота нейрохирург дәрігерлері жасады. Көлемді ісік толығымен жойылды. Нейрохирургтармен бір мезгілде кесарь тілігі арқылы әйелді босандырған акушер-гинекологтардың арқасында салмағы 1350 грамм және бойы 48 см бала дүниеге келді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы, салмақ жинап, өсе бастады. Науқас та өзін жақсы сезінеді. Бұл отаны Нейрохирургия орталығының үздік дәрігерлерлік командасы жүргізді. Орталық дәрігерлерінің есебінде мұндай ота үшінші рет жасалып отыр.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button