Мәдениет

ТӨЛЕГЕНОВА ТАЛАНТТАРДЫ ТАҢДАЙДЫ



Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Бибігүл Төлегенованың IX халықаралық вокалистер конкурсы басталады. 10 қыркүйекке дейін жалғасатын байқауды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мирас» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Конкурс жастардың назарын классикалық және халық музыкасына аудару, дарынды жас орындаушыларды анықтап, жастардың шығармашылық дамуы, қазақ музыкасының таңдаулы үлгілерін орындау мәдениетін қайта жаңғырту, Қазақстан композиторлары шығармаларын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Алғашқы күндері іріктеу кезеңдері өтіп, финалға 12 немесе 14 өнерпаз жіберіледі. Конкурс­тың ашылуы «Астана» концерт залында өтсе, жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты «Қазақстан» орталық концерт залында болады.

КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова бастаған қазылар алқасының құрамында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Азамат Жылтыркөзов, Сүндет Байғожин, Дина Хамзина, Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова, Өзбекстанның халық әртісі Рамиз Усманов бар.

Аманғали  ҚАЛЖАНОВ




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button