Ел тынысы

Ел экономикасы қаңтарда 3,9% өсті



Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров биылғы жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Экономиканың салаларын бөліп-бөліп қарастырсақ: нақты сектор – 3,8%, қызмет көрсету саласы – 3,5% болды.

Ең жоғары өсім құрылыс, көлік және қойма ісі,  ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібінде байқалды.

Инвестициялар бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6%-ды құрады. Атап айтқанда, білім – 3,6 есе, қаржылық және сақтандыру қызметі – 3 есе, көлік және қойма ісі – 2,1 есе, құрылыс – 2 есе ақпарат және байланыс – 20,9%, өңдеу өнеркәсібі – 15,8% артты.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер Жетісу, Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында байқалды.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 3,2%-ға өсіп, $140 млрд құрады.

Экспорт – $79 млрд, өңделген тауарлардың экспорты – $25 млрд, импорт – $61 млрд болды.

Өңдеу өнеркәсібінде өсім сақталды. Өндіріс көлемі 6,9%-ға өсті. Оң өсім 14 өңірде тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштер: Ақтөбе, ШҚО, Қызылорда, Абай облысында анықталды. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша көрсеткіштер – машина жасау – 18%, металлургия – 12%, химиялық өнеркәсіп – 40%, металл бұйымдары – 18%, жеңіл өнеркәсіп – 3,5%, фармацевтика – 1,4%, жиһаз – 5,4%. Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,2%-ға артты.

Биыл қаңтар айында 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3%-ға жоғары. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 0,4%-ға артты. Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсім 3 өңірде байқалады: Қызылорда облысы, Павлодар облысы, Астана қаласы


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button