Басты ақпарат

Eл игілігін еселейтін жобалар



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII құрылтайында ірі қалалардағы шеткі аймақтарды дамытуға ерекше мән берілетінін мәлімдеді. Осы ретте Астана, Алматы және Шымкент қалаларының шетіндегі түйткілді мәселелерді шешуге 2019-2021 жылдардың бюджетіне қосымша 90 млрд теңге бөлінетін болды.

 

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі

 

Президент партияны белсенді жастар үшін ең басты әлеуметтік мүмкіндікке ие болуға және барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесінің кадрлар қайнарына айналуға үндеді. Шынында да, уақыт бір орында тұрмайды. Адамдар буыны тез әрі елеусіз ауысып жатыр. Осындай кезеңде бізге экономика мен саясатта, білім беру мен ғылымда, өнеркәсіп пен өндірісте табысты адамдардың шоғыры қажет. Осы салалардың әрқайсысына жаңа адамдар келеді. Олар аталған бағыттардың әрқайсысының дамуына зор жауапкершілікті өз мойнына ала білуі тиіс

 

Астана – Елбасының тікелей қамқорлығымен қарқынды дамып келе жатқан қала. Оның шеткі аймақтарын дамыту – күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі. Өйткені урбандалу үдерісі үдеген заманда елорда халқының көпшілігі шеткі аймақтарға қоныстанатыны белгілі. Кеше партия активімен кездесу өткізген «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мен ірі қалалардың шеткі аймақтарын өркендетуге көңіл бөлуге басымдық беруі Елбасының тарапынан жасалған қуатты қолдау екенін атап айтты.
Еліміздің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға екпін түсіріп, ірі қалалардың шеткі аймақтарының мәселелерін жүйе­лі түрде шешуге мүмкіндік беретін партиялық «Құтты мекен» жобасы аясында Астана қаласында бірқатар кешенді жұмыстар қолға алынды. Қала басшысы Бақыт Сұлтанов осы бағытта республика бюджетінен елорданың инженерлік және әлеу­меттік инфрақұрылымын дамытуға 2019-2021 жылдарға 174,5 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді. Соның ішінде 77,1 млрд теңге биыл игерілуге тиіс. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарына табиғи газ тартылып, сонымен қатар қаланың шеткі аудандары тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін жан-жақты абаттандырылады.
Бақыт Тұрлыханұлы өз сөзінде қысқа мерзімде атқарылатын басымдық берілген міндеттерді, олардың қалай орындалатынын егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен…

Біріншісі – партияның қоғамдық қабылдауларының жұмысын күшейту.
iKomek және партия филиалының қоғамдық қабылдауын интеграциялау аясында «Халыққа көмек» партиялық жобасы іске қосылады. Бұл жерде байланыстың барлық арналары маңызды: халықпен тікелей байланыс, «сенім телефондары», шағымдармен жұмыс. Ғаламтордың кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдалану қажет.
Екіншісі – қала мен оның шеткі аудандарын кешенді дамыту.
Президент еліміздің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ ірі қалалардың шеткі аудандарының мәселесін шешу үшін «Құтты мекен» атты партиялық жобаны іске қосуды тапсыр­ды. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетте бұл мақсатқа 174,5 млрд теңге қарастырылған. Соның ішінде 2019 жылға – 77,1 млрд теңге. Кешенді жоспарды жүзеге асыру алдағы 5 жылда 121 шақырым автокөлік жолын салуға, жылу қуатын 1038 Гкал/сағатқа және электр қуатын 120 МВт/сағатқа ұлғайтуға, 231 шақырымды сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз етуге, Көктал-1, Көктал-2, Теміржолшылар, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптарын табиғи газға қосу, 530 мың шаршы метр немесе 9 мың жалға беретін және несиелік пәтерлер салуға, қаланың шеткі аудандарын абаттандыруға мүмкіндік береді.
Үшіншісі – Мемлекет басшысының халқымыз­дың тұрмысын жоғары деңгейге көтеруге қатыс­ты жаңа әлеуметтік бастамасын іске асыру.


Астанада әлеуметтік жағынан аз қорғалған және көпбалалы отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем беріледі. Қаланың әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындары биыл 150 млрд теңгені құрайды, бұл – бюджеттің жалпы көлемінің 35 пайы­зы. Жеңілдік санатына жататын азаматтарды әлеу­меттік қолдауға 30-дан аса төлем түрлері қарастырылған. Бұл мақсатқа 12,2 млрд теңге бөлінеді.
Төртіншісі – табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешу. Қолжетімді баспана құрылысы мәселесі биыл да күн тәртібінен түспейді. 2018 жылғы атқарылған ауқымды жұмыстарға қарамастан, биыл құрылыс қарқынын төмендетпеуіміз керек.
Бесіншісі – бизнесті мемлекеттік қолдау қағидаттарын жақсарту. Қазіргі кезде «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетілетін көмектің сомасы, құралдары анықталған. Бүгінге дейін пайыздық мөлшерлемеге жәрдемақша төлеу бойынша 1 118,6 млн теңгеге 18 жоба мақұлданды.




Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button