БілімЖаңалықтар

ЕЛ МАҚТАНЫШЫ – РАСҰЛ



Nazarbayev University жоғары оқу орнының 1-курс студенті Расұл Мағауиннің ғылымдардың атасы – математикаға, сонымен қатар физика және иформатика пәндеріне құлшынысы зор. 2017 жылы физика бойынша республикалық олимпиадада қола медаль, 2018 жылы физика бойынша республикалық олимпиаданың облыс­тық кезеңінде алтын медаль, физика бойынша республикалық олимпиадада алтын медаль, 2018 жылы «Туймада» халықаралық олимпиадасында күміс медаль иемденген. 2019 жылы физика бойынша республикалық олимпиадада алтын медаль, АЗИЯ физикалық олимпиадасында қола медаль (APHO) алып, «Ел мақтанышы» сыйлығының иегері атанды.

– Физика пәнінен өткізілетін олимпиадаларға 7-сыныптан бастап қатысып келемін. Ол кезде «Жас физик», «Жас математик» облыстық білім жарыстарын ұтқан едім. Бұдан кейін CTF білім олимпиадасында жүлделі бірінші орынға қолым жетті. Ал 8-сыныпта оқып жүріп, 9-сыныптардың пән жарыстарына барып жүрдім. Сол уақытта облыстық кезеңде үздік шықсам, республикалық турнирде қола медаль иегері болдым. Өзіме күрделі есептерді шығарған ұнайды. Тек математикада ғана емес, физикада да қызық фактілер көп. Ғылыммен тығыз байланысты. Сол себепті бұл пәннен болатын жарыстарға жиі барамын, – дейді Расұл Мағауин.

Келешегін инжерлік саламен байланыстырған Расұл білімін АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетінде немесе Гарвард секілді іргелі оқу орындарында жетілдіруді көздейді. Әлбетте, ол үшін көп еңбектену қажет екенін жақсы түсінеді. Кейіпкеріміз де аянып қалмақ емес. Өйткені тә­уелсіз ел жастарының рухы өр, арманы асқақ.

Наима Нұралықызы


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button