Басты ақпарат

Елбасы Александр Невский орденімен марапатталды



9db16b6316e7b378c3388f4125104554

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа көпжоспарлы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын дамытуға сіңірген еңбегі, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді ілгерілету бағытындағы екі жақты өзара ықпалдастыққа қосқан белсенді үлесі үшін Александр Невский орденін тапсырды.

– Бүкіл еліміз Сізге зор құрметпен қарайды. Біздің халықтарымыздың алдындағы Сіздің еңбегіңіздің және интеграциялық үдерістер мәселесі бойынша Сіз көтерген, бүгінде аяғына жеткен бастамалардың белгісі ретінде Сізге осы награданы тапсыруға рұқсат етіңіз, – деді Ресей Президенті.
Мемлекет басшысы өз кезегінде Владимир Путинге еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.
– Көрсетілген ықылас үшін бүкіл Ресей халқына, бұқаралық ақпарат құралдарына рахмет айтқым келеді. Біздің жасап жатқанымыздың барлығы барша Қазақстан мен Ресей халқы үшін жасалуда. Бүгін – тарихи күн, өйткені әр құрлықтан келген түрлі елдердің көшбасшылары кездесіп отыр. Бұрынырақта мен түптің түбінде барлық ұйымдар болашағы зор ортақ бір интеграциялық бірлестікке бірігетінін айтқан едім, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты өзара ықпалдастықтың кең ауқымды мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ екі мемлекеттің көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button