Елорда тынысы

Елорда балалар көзімен



Астана күніне арналған мерекелік онкүндік аясында Тұңғыш Президент кітапханасында «Елорда балалар көзімен», «Менің Астанам» және «Гүлдене бер, Астана!» байқауының қорытындысы айтылып,  жеңімпаздары марапатталды.

Тұңғыш Президент кітапханасы мен Астана қаласы әкімдігі әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Елорда балалар көзімен» байқауына 3-5 жас аралығындағы жас суретшілерден 100-ден астам жұмыс келіп түсті. Суретімен көзге түсіп, жеңіс тұғырынан көрінген Аяна Маратова, Тамина Тыныбай, Жанерке Қайыржан есімді бүлдіршіндер үшінші орын иегерлері атанды. Екінші орын Гүлсезім Жарқынбай, Хадия Азатқызы, Жәмила Әбжаниге бұйырды. Ал бірінші орынды Адалин Асанәлі, Әдия Ғалымжанқызы, Аиша Ешенхан иеленді.

Сондай-ақ елорданың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында өткен «Менің Астанам» қалалық бейнероликтер байқауының да қорытындысы шығарылды. Тұңғыш Президент кітапханасы және Астана қаласы Білім басқармасымен бірлесіп өткізілген байқаудың мақсаты – жас дарындардың шығармашылық белсенділігін қолдау және олардың бойында патриот­тық сезімді ұялату. Аталған байқаудың «Шығармашылық ізденіс» номинациясы бойынша №8 мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы Әлинұр Мансұрұлы жеңімпаз атанды.

Балалардың бойында отансүйгіштік, өз қаласына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты жастайынан оятуға арналған жыл сайынғы «Гүлдене бер, Астана!» балалар мерекесі биыл да балалар мен үлкендерді қуаныш пен шаттыққа бөледі. Мерекелік іс-шарада елордалық №86 «Зияткер» балабақшасының тәрбиеленушілері театрландырылған, музыкалық және би нөмірлерімен туған қаласына әсем де серпінді қойылымдарын арнады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button