Елорда тынысы

«Elorda cup» – боксшылар айқасы



Бас қалада биыл екінші рет ұйымдастырылған «Elorda cup» ­халықаралық турнирінің жеңімпаздары анықталды. Бұл жарыста Қазақстаннан 8 боксшы топ жарды.

Мəдениет жəне спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Спортты дамыту дирекциясы, Астана қаласының əкімдігі, Қазақстан бокс федерациясының ұйым­дастыруымен Beeline Arena спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында өткен турнирде Өзбекстан, Қытай, Таиланд, Бахрейн, Үндістан, Моңғолия, Тәжікстан және Қазақстан боксшылары қолғап түйістірді. «Самұрық Қазына» АҚ, «Туризм жəне спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры демеушілік көрсетті.

Ерлер арасындағы бәсекеде мынадай нәтиже тіркелді: Қазақстан – 8 алтын, 9 күміс, 14 қола; Өзбекстан – 3 алтын, 1 күміс, 3 қола; Қытай – 1 алтын, 1 күміс; Тәжікстан – 1 алтын, 2 қола; Таиланд – 1 күміс, 2 қола; Бахрейн – 1 күміс; Үндістан – 3 қола; Моңғолия – 1 қола.

Әйелдер арасында əр салмақтағы чемпиондар:

48 кг – Алуа Балқыбекова, 50 кг – Назым Қызайбай, 52 келі – Ву Ю (Қытай), 54 кг – Жайна Шекербекова, 57 кг – Виктория Графеева, 60 кг – Римма Волосенко, 63 кг – Янг Ченгу (Қытай), 66 кг – Наталья Богданова, 70 кг – Жасмин Қизатова, 75 кг – Ли Кьян (Қытай), 81 кг – Ванг Лина (Қытай), +81 кг – Елдана Талипова.

Ерлер арасында əр ­салмақтағы чемпиондар:

48 кг – Теміртас Жүсіпов, 51 кг – Сəкен Бибосынов, 54 кг – Тимур Қабдешев, 57 кг – Махмұд Сабырхан, 60 кг – Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан), 63,5 кг – Ертуған Зейнуллинов, 67 кг – Шамшер Саидов (Тəжікстан), 71 кг – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан), 75 кг – Нұрқанат Райыс, 80 кг – Тоқтарбек Таңатхан, 86 кг – Абзал Құттыбеков, 92 кг – Сағындық Тоғамбай, +92 кг – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).

«Elorda cup» турнирінің үздік боксшысы болып Махмұд Сабырхан (57 кг) танылса, əйелдер арасында бұл атақ қытайлық Янг Ченгуге (63 кг) бұйырды.

Турнир жеңімпаздарына 700 АҚШ доллары, күміс жүлдегерлерге 400 АҚШ доллары, қола жүлдегерлерге 200 АҚШ доллары мөлшерінде сыйақы берілді.


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button