Елорда тынысы

Елорда маңы – жасыл белдеу



Астанада жасыл белдеудегі көшеттер саны артып, кәріз тазарту құрылысы салынады. Осы бағыттағы жұмыстарды сапалы жүргізу үшін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев қаламен шекаралас аумақты әуеден бақылады.

Тікұшақпен аралау барысында Майбалық көлінің, Преображенск су торабының және тағы басқасының көлемі нақтыланды.

Жаңа ауыз су стансасының ­(3-ССС) пайдалануға берілуін және су тұтыну көлемінің көбейгені ескеріле отырып, қалаға су бұру көлемі артты. Тазарту құрылыстарының (1-КТҚ) қуаты жеткіліксіз, сондықтан осы жылдың күзінде екінші кәріз тазарту құрылысы (2-КТҚ) басталады. Бұл ғимараттың қуаты тәулігіне 200 мың текше метр болады.

Аралау барысында «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС-ге қарасты баққа барды. Оның ауданы 350 гектарға жуық, әртүрлі ағаш түрлерінің көшеті өсіріледі. Тәлімбақ жыл сайын 30 мың дана көшет бере алады. 2025 жылдан бастап ағаш тұқымдарының 100 мың көшетіне, тамыр жүйесі жабық 45 мың бұтаға және тамыр жүйесі ашық 300 мың бұтаға дейін көбейтіледі деп жоспарланып отыр.

Жыл сайын жасыл белдеудегі көшеттер саны артып келеді. Мысалы, биылдың өзінде тек жасыл белдеуде 500 мыңға жуық жасыл желек (ағаштар, бұталар және т.б.) отырғызу жоспарланды. Қаланың өзінде осы көлемде жасыл желек отырғызылды.

Елорданың жасыл белдеуінің жалпы ауданы – 15 мың гектар. Онда 11,5 млн астам ағаш пен 2 миллион бұта өседі. Негізінен жапырақты ағаш түрлеріне басымдық беріледі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button