Ел тынысы

Елордада әйелдер көшбасшыларының форумы өтті

Астанада «Өзгерістер жолында: жатыр мойны обырын жою үшін АПВ-ға қарсы вакцинациялау саласындағы әйелдердің мықты көшбасшылығы» тақырыбында әйелдер көшбасшыларының форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Форумға қоғамдық, ғылыми, халықаралық ұйымдардан (ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰДБ, ЕО), мемлекеттік органдардан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиядан, сондай-ақ белгілі дәрігерлерден, ғалымдардан, діни қызметкерлер мен медиа тұлғалардың өкілдерінен 50-ден астам қатысушы жиналды.
Форумның басты бағыты — әйелдерді жатыр мойны обырынан адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау арқылы қорғау – бұл аурумен күресудің жалғыз дәлелденген әдісі. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруда. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, оның 600-і өлімге әкеледі. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жатыр мойны обыры Қазақстанда сүт безі обырынан кейінгі фертилдік жастағы әйелдердің өлімінің екінші себебі екенін айтты.
«Бүгін біз өзгеріс енгізіп, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға қабілетті нағыз әйелдер көшбасшылығының куәсі болдық. Біз әртүрлі саладағы әйел көшбасшылардың ұстанымы отандастарымызды жатыр мойны обырынан құтқаруда шешуші рөл атқара алады деп сенеміз»,-деп атап өтті ведомство басшысы форумға қатысушыларға арнаған сөзінде.
ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі, доктор Скендер Сыла 2030 жылға дейін 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
«Біздің Қазақстан Үкіметімен бірлескен міндетіміз – жасөспірім қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауға барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету. ДДҰ 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың 90%-ын жоспарлы АПВ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтуды қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл оңай шаруа емес. Бірақ, бізде басқа елдердің сәтті мысалдары бар, әсіресе Аустралияның тәжірибесін атап өткім келеді, онда вакцинациялаудың арқасында жатыр мойны обырының жаңа жағдайлары анықталған жоқ», – деді ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button