Ел тынысы

Елордада азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс бойынша семинар өтті

Бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін «Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Семинарда ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс пен конструктивті диалогтың маңызды екенін атап өтті.

Қатысушылар үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру, қоғамдық кеңестер мен қоғамдық бақылау жұмыстарын, ҮЕҰ-мен өзара байланыс, ҮЕҰ дерекқорын енгізу секілді өзекті мәселелерді талқылады.

Сарапшылар мемлекеттік гранттарды жоспарлау кезеңдерін және оларды қаржыландыру процесін түсіндірді, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде техникалық сипаттама дайындау ерекшеліктерін ұсынды.

Семинар қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу жолдары анықталып, қатысушыларға кеңес берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button