Ел тынысы

Елордадағы балалар үйінде «Ғажайып көктем» мерекелік ертеңгілігі өтті



Астанада мамандырылған балалар үйінде «Ғажайып көктем» атты мерекелік ертеңгілік өтті, деп хабарлады astana-akshamy.kz

Іс-шараның мақсаты – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Іс-шараға қалалық әкімдік, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және елордалық балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұжымы және т.б. қатысты. Сондай-ақ олардың қатарында мекеме демеушілері, меценаттар мен кәсіпкерлер бар.

«Мерекелік іс-шарада балалар мультфильм кейіпкерлерімен бірге қонақтарға ән айтып, би билеп, өнер көрсетті. Мұнда 4 жасқа дейінгі балалар қатысты. Бүгінгі іс-шара көктем тақырыбына арналып отыр», – деді Астана қаласы әкімдігінің «Мамандырылған балалар үйі» КММ аға тәрбиешісі Лаура Бұрымбаева.

Қазіргі таңда балалар үйінде 72 бала бар.

«Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қонақтар! Бүгінгі көктем мезгілімен бірге келетін Алғыс айту мейрамы құтты болсын! Баршаңызға бақ-береке, мол игілік және еңбектеріңізге табыс тілеймін!» – деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Самат Ибраев.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button