Ел тынысы

Елордада бір миллион жасыл желек өседі



Биыл елордада қолданысқа берілетін тұрғын үй кешендерінің аумағын көгалдандыру жоспары қайта қаралып, жекеменшік құрылыс компанияларына жасыл желектер санын көбейту міндеті жүктелді. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Елорда әкімі қаладағы жаңа тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандыру жұмысы туралы баян­дады.

– Бірінші кезең бойынша 100-ден астам тұрғын үй кешенін қамтимыз. Бұл жасыл желектер санын 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, құрылыс салушылар ТК аумағында 100 мыңнан астам жасыл желек отырғызатын болады. Мердігерлердің алдында үйлерді сапалы күйде салып қана қоймай, тұрғын үй кешендерінің аумағын абаттандырумен, көгалдандырумен де айналысу міндеті тұр, – деді әкім.

Осылайша бір ­миллион жасыл желек, ағаштар, бұталар, көшеттер және т.б. отыр­ғызу жоспарланған. Оның 500 мыңы – қаланың жасыл белдеуі аумағында болады.

– Біз бұл деңгейді алдағы жылдары да сақтаймыз. Бұл Астананы бақша қаласына айналдыруға мүмкіндік береді. Ал басымдық жапырақты ағаштарға беріледі, – деді елорда әкімі.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button