Елорда тынысы

Елордада мигранттар саны артты



Елордадағы Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Анар Жомартова 2022 жылы Қазақстан азаматтығын алған адамдар туралы мәліметті жариялады.

«2022 жылы Қазақстан азаматтығын 1281 адам алды. Оның 157-сіне Президент Жарлығымен, 1124-іне жеңілдетілген тәртіпте берілді. Соның арасында этникалық қазақтар 892 болса, басқа ұлт өкілдері – 389. Былтыр Қазақстан азаматтығынан шығуға қолдаухатпен жүгінгендер болмады» деді А.Жомартова.

2022 жылы елордада уақытша тіркелген шетел азаматтарының саны өсті. Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 6 мыңға жуық шетел азаматы анықталды. Былтыр елордада көші-қон саласына қатысты 635 мыңнан астам қызмет көрсетілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button