Ел тынысы

Елордада ветеринариялық заңнама сақтала ма?



Елордалық прокуратура ветеринариялық заңнаманың сақталуына тексерулер жүргізді, дейді astana-akshamy.kz. 

Тексеру нәтижелері көптеген бұзушылықтарды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерін өткізетін субъектілердің бақылаусыз болуын, етті тиісінше тасымалдамауын, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамауын, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардағы бұзушылықтарды анықтады.

Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъектілер жұмыс істейді.

Барлық зертханаларда ветеринариялық-санитариялық жағдайдың бұзылуы анықталды, сондай-ақ кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар – әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Уәкілетті органдар анықталған бұзушылықтарды жоюда.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button