Мәслихат

Павлодарлық депутаттар жұмыс сапарымен елордаға келді

Бүгін елордаға Павлодар облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
     -Бүгінгі кездесу тәжірибе алмасуды, IKomek-ке экскурсияны, «Sana» жаңа буын оқушылар сарайын және т.б. қамтиды. Кездесуде Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары талқыланып, бірлескен жобалар туралы ұсыныстар айтылды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Астана мен Павлодар облысының мәслихаттары арасында инновациялық жобаларды бірлесіп іске асыруды, тәжірибе, ақпарат алмасуды, тиісті аумақтарда өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізуді және қарауды көздейтін ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылды, – деді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button