Ел тынысы

Елордалық баскетболшылар ел чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды



Елордалық «Astana Tigers-KazATU» командасы «Ұлттық лиганың» әйелдер командалары арасында баскетболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының қоласын жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ақтөбеде баскетболдан ел чемпионатының қола медалі үшін өзара бақ сынасқан Астана («Astana Tigers-KazATU») және Алматы («Tomiris») командаларының кездесуі өтті.

Астаналықтар қатарынан үшінші жеңіске жетіп, чемпионаттың қоласын жеңіп алды. Матч 76:52 есебімен аяқталды.

Алғашқы минуттардан бастап «Astana Tigers-KazATU» спортшылары жоғары қарқын алып, үздік командалық жұмыс көрсетті.

Елордалық баскетбол клубының екі ойыншысы чемпионаттың үздік бестігіне енді. Олар – Анна Безгодова мен Тамара Кузьмина.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button