Ел тынысы

Елордалық еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатыр



«Астана жастары» жастар ресурстық орталығында төрт жылдан бері қалалық еріктілер штабы жұмыс істейді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазір оның құрамына алты мыңнан астам белсенді ерікті кіреді. Оның мүшелері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қалай көмектескені туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте штаб басшысы Шыңғыс Тілеулин айтып берді.

Елордалық еріктілер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр.

29 наурыз бен 10 мамыр аралығында Астанада мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке тұлғалар мен еріктілердің күшімен 1160,5 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды.

«Қалалық волонтерлік штабты үйлестіру кезінде гуманитарлық көмек алымдарымен 10 пункт (әлеуметтік қоймалар) айналысады. Жиынға 30 еріктілер ұйымы мен 500-ден астам адам жұмылдырылды», – деді Тілеулин.

Елорда әкімдігінің тікелей үйлестіруімен 1160,5 тонна гуманитарлық көмек мына облыстарға жіберілді:

1) Ақтөбе облысына – 260 тонна.

2) Батыс Қазақстан облысына – 216,5 тонна.

3) Қостанай облысына – 246 тонна.

4) Қарағанды облысына – 40 тонна.

5) Атырау облысына – 51 тонна.

6) Солтүстік Қазақстан облысына – 335 тонна.

7) Ақмола облысына – 12 тонна.

Әр аймаққа қажетті тауарлар жіберілді. Олар: азық-түлік, бөтелкедегі су, жеке гигиена құралдары, сондай-ақ су тасқыны аймақтарында жұмыс істеу үшін қажетті жабдықтар (қайықтар, генераторлар, күректер, сөмкелер, қолғаптар, шамдар, арнайы киім және т.б.).




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button