Елорда тынысы

Елордалық полицейлер марапатталды



Қалалық Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев бірінші тоқсан қорытындысы бойынша ­жедел қызметте жоғары көрсеткішке қол жеткізген ­қызметкерлерге арнайы төсбелгі, грамота және алғыс хат тапсырды.

Бүгінгі таңда тергеушілер, қиын да көп уақытты қажет ететін жұмысқа қарамастан, өз міндетін орындау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Ел игілігі үшін қызмет етуге дайын нағыз патриоттарды тәрбиелеуде ата-аналардың қосқан үлесі зор. Тергеу бөлімінің ардагерлеріне ерекше алғыс айтылды.

– Мен ең алдымен осы саланың лайықты іргетасын қалаған және қызмет ету дәстүрін қалыптастыруға үлес қосқан ардагерлерге, сондай-ақ жас қызметкерлердің ата-аналарына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Аға ұрпақ өзінің баға жетпес тәжірибесін жас әріптестеріне дарытып, қылмыс­тың алдын алу және ашу жұмысын сапалы және мақсатты түрде жүргізуге қабілетті лайықты ізбасар тәрбиелеп отыр, – деді департамент басшысы.

Қызметтік міндеттерін адал атқарған үздік қызметкерлер мен ең көп қылмыстық істерді аяқтаған тергеушілер Ішкі істер министрінің және департамент бастығының атынан төсбелгімен, грамотамен және алғыс хатпен марапатталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button