Мәдениет

Елордалық қыздар – Азия үздіктері



Малайзияның Куала-Лумпур қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтті. Байрақты жарыста Қазақстанның әнұраны 5 рет шырқалды.

Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғаған Астана қаласының гимнастшылары өте жақсы көрсеткішке қол жеткізді.

Атап айтқанада, 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер санатындағы Азия чемпионы атағын «Самұрық» командасы атынан сынға түскен Медина Абдибаева, Инкар Байронова, Акбота Токанова, Валерия Лукьянова, Микаэлла Ошаганова, Айзара Абильдинова, Адина Исабекова, Аружан Шамшина, Дарина Акшулакова, Амина Тастанбек, Анар Мухамедгалиева жеңіп алды.

Ал 10-12 жас аралығындағы балалар санатындағы өнер көрсеткен астаналық «Алан-Рио» командасы атынан сынға түскен Ясмина Тастанбек, Даяна Дүйсебаева, Медина Исағали, Камиля Заманбекова, Дарья Остравенко, Жасмин Әлімбаева, Томирис Сағадат, Аяулым Ахметқали, Аруна Мекебаева, Адия Рахимова, Латифа Пшенова, Әсия Елдар Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Чемпиондардың жаттықтырушы-хореографы – Әсел Тастанбекова.

12-14 жас аралығындағы балалар санатындағы Азия чемпионатының қола жүлдесін сапында Аружан Қайыржанова, Алуа Исаева, Дильназ Садықова, Інжу Ермуратова, Жанис Сағидулла, Мадина Абдрахманова, Айшаханым Ақан, Саида Бижанова, Дана Темірболат өнер көрсеткен «Алан-Томирис» командасы иеленді. Бұл команданың жаттықтырушысы – Зарина Давлетьярова, хореографы – Аяулым Алтайбекқызы.

Сонымен қатар, «Алан-Рио» командасы Малайзиядағы MAGGA CUP халықаралық турнирінде де қола жүлдеге ие болды.

Кеше Азия чемпионаты жүлдегерлерін Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілдері мен жанкүйерлер әуежайда салтанатпен қарсы алды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button