Басты ақпаратЖаңалықтар

ЕЛОРДАНЫҢ ЕРЕКШЕ САҒАТЫ



Астанадағы Есіл өзенінің бетіне Жаңа жыл қарсаңында маңайға жарық шашатын үлкен сағат орнатылды. Жарық диодтар түнде әдемі композицияны құрайтын сағат циферблатының диаметрі – 17 метр. Оның өзенде орналасуы конструкцияны ерекшелендіріп тұр. 

12

Сағаттың айналасында қыста демалуға жайлы орын жасалған. Мұнда елорда тұрғындары мен қо­нақтарына арналып сырғанақтар мен 8000 шаршы метрді алып отырған үлкен мұз айдыны салынды. Сағат нақты механизммен жабдықталған және Жаңа жыл түні ол сол маңайда өтетін отшашудан белгі беретін болады.
Есіл өзенінде орнатылған бұл сағат әлемдегі ашық аспан астын­дағы ең үлкен сағат болып саналып, Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Манхэттендегі (Нью-Джерси штаты) Гудзон өзенінде орнатылған баршаға танымал Colgate сағатының диаметрі – 15,24 метр. Әзірге АҚШ-тағы бұл конструкция ең алып сағат болып саналады.
2017 жылдың қарсаңындағы Астана ертегілердегі әдемі кейіпке еніп отыр. Есілдің бетіне орна­тылған үлкен сағат елорданың ажарын тіпті аша түсті. Өзен бо­йын­­да серуендегенді жақсы көретін халық та сағаттың жарығы маңайды қараңғы түскенде де күндізгідей етіп отырғанын айтуда. Жалпы, бас қаланың Жаңа жыл алдында құлпырып шыға келуіне қалалық Мәдениет, мұрағаттар және құжат­тама басқармасы үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан Республикасы Мем­лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті тарапынан да бұл басқарманың еңбегі еленіп, «Астана қаласы бойынша кадр қызметінің жұмысын үздік ұйымдастыратын мемлекеттік мекемесі» аталымында жеңімпаз атанды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button