Басты ақпарат

Елорданың түйткілді мәселелері жүйелі шешілуі тиіс



Елорда әкімі Алтай Көлгінов аппарат кеңесін өткізді. Күн тәртібінде коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, көгалдандыру, жол-көлік инфрақұрылымы, энергиямен жабдықтау және т.б. мәселелер қаралды.

Әкім қала жолдарында жөндеу жұмыстарының уақытылы және сапалы жүргізілуіне, сондай-ақ тұрғындарға қолайсыздық туғызбас үшін оларды орындау кестесінің сақталуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Елорда әкімі қаланың шеткі аймақтарының дамуына ерекше назар аударды.
– Абаттандыру мәселелерінен басқа, өмір сүру үшін жағдай жасалуы тиіс. Бұл – мектептер, ауруханалар, жаңа жұмыс орындары, – деп әкім елорданың тұрғын алаптарының инфрақұрылымын дамыту туралы айтып өтті.
Алтай Көлгінов қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты нысандар жұмысының жүйелі мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау нысандарын, трансформаторлық және электр стансаларын Астана АЭК балансына жедел беру мәселелері қозғалды.
Әкім сондай-ақ келесі жылыту маусымына дайындықты бастауды, отын тапшылығына жол бермеу мақсатында барлық қажетті тексеру шараларын жүргізуді, көмірді үздіксіз жеткізу мәселелерін алдын ала реттеуді тапсырды. Ол ЖЭО-ны газ қабылдауға дайындау, АГРС 1 және АГРС 2 бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу, оттықтарды ауыс­тыру, сондай-ақ ЖЭО 1 мен ЖЭО 2-ге жеткізуші газ құбырын жүргізу қажеттігін атап өтті.




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button