Елорда тынысы

Емханаларға – кешенді көмек



Бас қала тұрғындары үшін №5, 8, 11, 15 қалалық емха­налар мен №1 көпбейінді балалар ауруханасының орталық зарарсыздандыру бөлімшесі ашылды.

Көптеген медицина мекемелерінде кешенді жоспар аясында лифт жабдықтары мен шатырлар ауыс­тырылып, медицина жабдықтары сатып алынды.

– Жыл соңына дейін «Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» шеңберінде бас қаламызда №1, 4, 14 емханаларда, «Қалалық психикалық денсаулық орталығы», Ы.Дүкенұлы көшесі, 12 және Сарыарқа даңғылында орналасқан қалалық жедел медициналық жәрдем станцияларында, сондай-ақ, №13 қалалық емхананың жылу трассасын қайта орнату бойынша күрделі жөндеу жұмысы аяқталады, – деп мәлім етті Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button