Ел тынысы

Еңбек кодексі жетілдіруді қажет етеді



Қазақстанның Еңбек кодексі одан әрі жетілдіруді талап етеді. Бүгін елордадағы Президенттік орталықта «Еңбек құқығының өзекті мәселелері. Еңбек құқықтары және оларды қорғау: заң және практика» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚР Конституциялық сотының Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов осылай деді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ол мұны қолданыстағы құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жалғастыру арқылы немесе жаңа Еңбек кодексін әзірлеу және қабылдау жолымен жүзеге асыруға болатынын жеткізді. Спикердің айтуынша, екінші жолы тиімдірек, себебі бұның арқасында жаңа мамандықтар мен қарым-қатынас нысандарын қамтитын қазіргі еңбек нарығының барлық қырлары ескерілетін болады.

Парламент депутаттарының, қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен еңбек құқығы саласындағы сарапшылардың қатысуымен өткен
Іс-шара ҚР Президенттік орталығы мен Парламентаризм институтымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасының нормаларын талқылау және әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

«Еңбек қатынастары саласы кез-келген еңбек ұжымының тиімді жұмыс істеуі үшін маңызды бірқатар негізгі бағыттарды қамтиды. Бұл кәсіптік жарақаттар мен аурулардың алдын алуды қамтитын еңбек қауіпсіздігі, жұмыс берушілер, қызметкерлер мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды көздейтін әлеуметтік әріптестік, сондай-ақ кадрларды іріктеуге, оқытуға және дамытуға бағытталған персоналды басқаруы. Оған қоса, еңбек және әлеуметтік серіктестік заңнамасының сақталуын қамтамасыз ететін еңбек қатынастарын құқықтық реттеу», – деді Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button