ЖаңалықтарҚала мен Сала

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН



stroyka_4_06

Жыл басынан бері қаладағы құрылыс алаңдарында 49 қайғылы оқиға орын алған. Оның салдарынан 34 адам ауыр жарақат алса, 18-і қайтыс болған. Өткен жылмен салыстырғанда, қайғылы оқиғалардың саны 30 пайызға дейін қысқарғанын алға тартсақ та, құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр.

сы жылдың қаңтарынан бас­тап еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын сақтамаған 24 нысанның жұмысы тоқтатылып, ісі сотқа берілген. Кәсіпорын басшылары өз қарамағындағы жұмыскерлерді дер кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша даярлықтан өткізбеген. Арнайы киім мен түрлі қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етпеген. Жұмысты талапқа сай ұйымдастырмағанның салдарынан мұндай оқыс оқиғалар жиі қайталануда. Басты мердігерлердің маусымдық жұмыстарға мемлекеттік лицензиясы жоқ, құрылыс-монтаждау ісіне құқықтық құжаттары рәсімделмеген бригадаларды көптеп тартуы жағдайды тіптен шиеленістіре түскен. Әдетте, олар кәсіби біліктілігі төмен, тиісті дайындықтан өтпеген тәжірибесіз жандарды уақытша жұмысқа асығыс қабылдап жатады. Сол себепті құрылыс мекемелерінде тұрақты еңбек ұжымы қалыптаспай, шығасыға басшы болатын иесін де таппай қалатын жағдайлар аз кездеспейді. Оның жұмыс сапасына әсерін айтпағанның өзінде, қоғамдағы әлеуметтік жағдайға да кері ықпалы көп.
Еңбек инспекциясы бойынша басқарманың міндеті – құрылыс нысандарында еңбек заңдылықтарының талаптарын қадағалау, еңбек қорғау шараларын жетілдіру. Есепті кезеңде Басқарма инс­пекторлары ірі құрылыс компанияларында болып, еңбекшілермен 129 кездесу өткізген екен. Алты мыңға жуық құрылысшыларды қамтыған мұндай жиындарда негізінен еңбек қорғау және қауіпсіздік шаралары бойынша қолданыстағы заңдылықтар түсіндірілген. Өзекті мәселелер құрылыс компаниялары мен өндіріс мекемелерінің жауапты басшыларымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдары өкілдерімен бірге талқыланған. Сондай-ақ, жалақы төлеу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек демалысын уақытылы бермеу, шетелдік жұмысшыларды заңсыз қабылдау, еңбеккерлердің құқықтарын қорғау – басқарма қызметкерлерінің басты міндеті. Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардың үш мыңға тарта арыз-шағымы қаралып, мыңға жуық адамға кеңес берілген.

Айгүл УАЙСОВА




Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button