Елорда тынысы

Еріктілер қарттарға көмектесті



Елордада «10 игі іс» акциясы аясында көптеген іс-шаралар өткізілуде.

Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен «Астана жастары» КММ волонтерлері жалғызбасты зейнеткерлердің, ҰОС және тыл ардагерлерінің ауласын қардан тазартуға көмектесті. Волонтер Темірлан мұндай акциялар қарияларға құрмет көрсетудің бір белгісі екенін айтады. «Жыл сайын аудан әкімінің бастамасымен жалғыз тұратын және мұқтаж қарияларға көмек көрсетіліп келеді. Мереке қарсаңында мұндай акция қала тұрғындарын қуантатыны сөзсіз. Үй ауласындағы қарды тазалау арқылы волонтерлер қариялардың ақ батасын алып жатыр. Елордада өтіп жатқан осындай акцияларға барлық волонтерлерді қатысуға шақырамын» дейді ол.

Игі іс барысында қарияларға азық-түлік салынған себет пен шағын жаңа жылдық тәттілер тарту етілді. Қариялар өз кезегінде жастарға жасаған қолғабыстары үшін алғыстарын білдірді. Қайырымдылық іс-шарасы барысында волонтерлер осындай бірнеше мекенжайға барып, қар тазалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі акция әлі де жалғасын табады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button