Басты ақпаратДенсаулық

Еркелетші, үшеміңді елорда!



Астанада үшем дүниеге келді. №3 көпбейінді қалалық аурухана перзентханасында туған нәрестелердің екеуі – қыз, біреуі ұл.  

Үшемнің анасын Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов арнайы барып құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Кәсіби білікті, тәжірибелі мамандарымен аты шыққан аурухананың акушер-гинекологтары мен неонатологтары үшемнің аман-есен дүниеге келуіне барын салды. Сәбилердің анасы Әсел Шонтаева осыған дейін үш баланың анасы еді. Енді бірден көпбалалы отбасылар қатарына қосылды. Сәния, Самира және Айсұлтан есімді балапандардың денсаулығы қазір жақсы. Дәрігерлер сәбилерге күтім көрсетіп, үйге шығаруға дайындауда. Қала тұрғыны аталған аурухана дәрігерлеріне ризашылығын білдірді. Үшемнің дүниеге келуі сирек жағдай болатындығын ескерсек, жарық дүниенің есігін жаңа ашқан астаналық сәбилерге қала басшылығы тарапынан қолдау берілетініне үміттенеміз.

Елордада жылына 33 мыңнан астам бала дүниеге келсе, аталған аурухананың акушерлік блогында 8 мыңнан астам әйел медициналық көмек алады. Тәулігіне мұндағы акушерлер 15-25 жүкті әйелді босандырады. Биыл елордада жыл басынан бері 7 мыңнан астам сәби дүние есігін ашты. Солардың ішінде ЭҚҰ күшінсіз өзі босану арқылы үшем өмірге келуі – сирек жағдай.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button