Ел тынысы

Ескі вокзал алды абаттандырылады



Ескі вокзалдың алды биыл абаттандырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Урбанистика орталығы ескі вокзал алаңына қатысты өзінің тұжырымдамасын көрсетті. Онда кедергісіз орта жасалып, ескі пойыз ескерткішінің жанына көпжылдық өсімдіктер отырғызылмақ екен. Аялдамаларға ұзын орындықтар қойылып, жүк қоюға ыңғайлы етілетін болады. Автотұрақта, жолдарда көліктердің ортасын бөліп тұратын алаңашалар көгалдандырылмақ.

Жаяу жүргіншілер жолағы асфальт деңгейінен сәл биік орналасады. Ал қандай да болмасын шарбақтаршалар алынып тасталып, олардың орынына аралары жақын-жақын «боллардылар» қойылмақ. Шамдар мен отырғыштар және басқа да мүліктер бірдей стильге келтірілмек. Жаңадан тротуар төселетін болады. Бұл ретте вокзалдың кіреберісінде пандус бола ма жоқ па, әзірге белгісіз. Өйткені, ол аймақ жобадан тыс ғимаратқа тиесілі. Естеріңізге сала кетсек, қала тұрғындары ескі вокзал мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіріп-шығуына ыңғайсыз екендігін жиі сынға алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button