Басты ақпаратЖаңалықтар

Еxit-poll: ҚР Парламентіне үш партия өтті



Еxit-poll мәліметі бойынша «Нұр Отан» партиясына сайлаушылардың 82% пайызы дауыс берді, деді ОКҚ-да «Демократиялар институты» ҰЗА директоры Ю. Кучинская.

«Демократия институты жалпыұлттық exit-poll өткізді. Зерттеу 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларын қамтыды. Еxit-poll таңғы 7-ден бастап кешкі 8-ге дейін 750 сайлау учаскесінде өтті, оның ішінде 513 қалалық және 237 ауылдық жердің пункттері. Сайлау учаскелерін бөлі әр өңірдегі адам санына байланысты бөлінді. 75 мың сайлаушыдан сауалнама алынды. exit-poll 1200 сұхбаттасушы қатысты», – деді ол.

Еxit-poll қорытындысы бойынша, партиялардың алған дауысы төмендегідей:

«Нұр Отан» партиясына – 82 пайыз, Қазақстанның коммунистік партиясына – 7,17 пайыз, «Ақ жол» партиясына 7,22 пайыз, «Ауыл» партиясына 2,5 пайыз дауыс берді», – деді ол.

Бүгін, 20 наурыз 7.00-ден  20.00-ге дейін  9840 сайлау учаскесінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау өтті.Сайлау үрдісін 817 шетелдік бақылаушы бақылайтын болады. Сыртқы істер министрлігі тағы 147 шетелдік БАҚ өкілдерін тіркеді. Барлығы 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат қралдары тіркелді.

astana-akshamy.kz




Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button