Мәдениет

«Гауһартас» – Семей топырағында

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры мен Абай атындағы Семей театры шығармашылық әріптестік орнатты.

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының директоры Асхат Маемиров пен Абай атындағы Семей театрының директоры Амангелді Бахтинов кәсіби сахна ұжымдары арасында шығармашылық үдерісті дамыту бағытында, бірлескен жобаларды іске асыру жолында бірқатар келісімге қол жеткізіп, әріптестік пен ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандумға қол қойды.

Амангелді Бахтинов Музыкалық жас көрермен театрында еңбек етіп жүрген жас артистермен ой бөлісіп, пікірлесіп, өз тілегін жеткізді.

Театр кеңістігіндегі бірлескен әріптестік жобалар, шығармашылық қарым-қатынас отандық мәдениетіміздің өркендеуіне септігін тигізері сөзсіз.

Астанада екі жарым жыл уақыт ішінде көрер­мен көңілінен шыққан 17 қойылымды қойып, елорда ғана емес, еліміздің мәдени өмірінде өзіндік орнын айшықтап алған өнер ордасы – елордалық Музыкалық жас көрермендер театры «Астанадан Семейге сәлем!» атты шығармашылық сапары барысында 3 маусымда Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Дулат Исабековтің «Гауhартас» атты шығармасын сахналады. Қойылым тағы да аншлагпен өтті. Билет санаулы минут ішінде өтіп кетті. Семей жерінде де спектакльді көптеген  көрермен тамашалапты.

Қазақ өнерінде ерекше қолтаңбасымен көрініп, шәкірттерін шығарма­шылықтың шыңына жетелеген режиссер Асхат Максимұлы сахналаған адами сезімдерге, шынайы махаббатқа құрылған Дулат Исабековтің «Гау­hартас» атты шығармасы бүгінге дейін 205 мәрте көрермен назарына ұсынылды. Отбасы құндылығын дәріптеген драма өткен жылдың үздігі деп танылып, Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған өнер саласындағы «Umai-2023» ұлттық сыйлығын иеленгені мәлім.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button