Денсаулық

ҒАСЫР ІНДЕТІНЕН ҚАЛАЙ ҚҰТЫЛАМЫЗ?



b_1128362

Жұқтырылған иммун тапшылық синдромы туралы талай жазылып жүрсе де көпшілік бұл ауру түрі қандай жолмен жұғатынын біле бермейді. Тіпті адамның имун тапшылығы вирусы мен синдромды айыра білмейтіндер көп. Осыдан келіп, көптеген проблемалар туындап жатады. Мысалы, бұл дертке шалдыққандар жұмысқа орналаса алмай, қоғам тарапынан кемістікке, психологиялық күйзеліске ұшырауда.  Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша  954  адам АИТВ жұқпасына шалдыққан. Сонымен,  АИТВ (ВИЧ) жұқпасы – адамның иммун тапшылық вирусы, адам ағзасын соншалықты әлсіретіп, иммундық жүйені төмендетіп, ағзаның түрлі жұқпаларға төтеп тұруға күшінен айыратын сырқат. Ал ЖИТС (СПИД)  – АИТВ жұқпасының соңғы кезеңі, иммундық жүйені қатты зақымдап, қосымша (оппортунистік) аурулармен сипатталатын, патологиялық белгілері бар синдром. Қазіргі таңда медицина дәлелдеуі бойынша АИТВ жұқпасы қорғалмаған жыныстық қатынас, қан (инъекциялық есірткі тұтыну) және анасынан баласына (жүктілік, емізу кезінде) жұғады. Ал ауру ауа арқылы, су, бассейнде, қол алысқанда, АИТВ-жұқтырылған адаммен ыдыс аяқты, киімді ортақ қолданған жағдайда, сүйіскенде, құшақтасқанда,  жәндіктер тістегенде жұқпайды. Соған қарамастан бүгінде АИТВ жұқпасына шалдыққандар саны жылдан жылға өсіп келеді. Мұның басты себептері, осы жұқпа туралы халықтың хабарсыздығы, АИТВ жұқпасы белгілерінің бірден көзге көрінбеуі және дертке шалдыққан адам өзінің ауруы туралы білмеуінде жатыр. Аурудан қорғанудың негізгі жолы –салауатты өмір салтын сақтау, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу және есірткіге жоламау.

Егер сіз АИТВ жұқпасының жұқтыру қаупіне тап болсаңыз, ЖИТС орталығында АИТВ жұқпасына тегін, құпия түрде тексерілу сараптамасынан  өтіп, білікті мамандардан кеңес алуыңызға болады. Біздің мекен-жайымыз Астана қ. Есенберлин к-сі, 5/1. Сенім телефондары: +7(7172) 38-07-02, +7(7172) 38-04-64. www.astana-aids.kz

Гүлмира ҚАРАТАЕВА, дәрігер эпидемиолог,

Сәлима МӘУЛЕНБЕРГЕНОВА, эпидемиологтың көмекшісі




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button