Мәдениет

Grand Slam: Қазақстан рекорд жаңартты



Астанада дзюдодан өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан командасы үздік нәтиже көрсетті. Халықаралық дзюдо федерациясының бағдарламасы бойынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған байрақты бәсекеде 42 елден келген 300-ден аса дзюдошы белдесті.

«Барыс Арена» спорт сарайында төселген татамиде 14 салмақта үздіктер анықталды. Жүлделер бойынша 5 елдің балуандары ерекше көзге түсті. Атап айтқанда, Испания – 2 алтын, 1 күміс, 2 қола, Италия – 2 алтын, Франция – 1 алтын, 2 күміс, 4 қола, Қазақстан – 1 алтын, 1 күміс, 5 қола, Жапония 1 алтын, 1 күміс медаль иеленді.

Қазақстан дзюдошылары арасынан 60 келі салмақта Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанса, 66 келі салмақта күрескен Ғұсман Қырғызбаев күміс медаль алды. Ал Асқар Нарқұлов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Ислам Бозбаев (100 келі), Ғалымжан Қырықбай (100 келі), әйелдер бәсекесінде Ақерке Рамазанова (78 келі) қола жүлдегер атанды.

Бұған дейінгі өткен Grand Slam турнирлерінде Қазақстан дзюдошылары медаль көрсеткіші бойынша мұндай нәтиже көрсетпеген-ді. 2014 жылдан бері тек 1 алтын медальмен шектеліп келген еді. Ал биыл ақпанда Парижде өткен турнирде 2 қола медаль, наурызда Ташкентте өткен турнирде 2 күміс медаль, ал соңғы Тбилисиде өткен турнирде 1 күміс, 1 қола медаль бұйырған еді.


Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button