Елорда тынысы

Гүлдер фестивалі өтеді



5-6 шілде күндері ЭКСПО аумағында Gul Astana Eco Urban Open Air фес­тивалі өтеді.

Қаланың жасыл картасы қойылатын бұл іс-шарада барлық ниет білдірушілерге абаттандыру жəне қоғамдық кеңістіктер жеткіліксіз жерлерді көрсетуге мүмкіндік береді. Фестивальге қатысушылар мұндай аймақтарды картада «түйреуіш» арқылы белгілейтін болады.

Астана қаласы əкімдігі Урбанистика басқармасының мəліметінше, қала тұрғындарының барлық ұсыныстары қаланы көгалдандыру мен абаттандыруды жоспарлау кезінде ескерілетін болады. Фестивальдің ерекшеліктері: Қазақстанның табиғи аймақтарының ландшафтында безендірілген климаттық киіз үйлер, гүл аймағын безендіру бойынша флористер байқауы, арнайы фотоаймақтардың бірінде – екі адамдық жолдама ұтысымен өз сезімін білдірушілердің ILOVE байқауы. Келушілер үшін білім беру жəне эко-шеберлік сабақтары, яғни PlasticHarahura компаниясынан ресайклинг (қалдықтарды қайта өңдеу жəне пластиктен өнер туындылары мен бұйымдарын жасау) жəне апсайклинг (жаңа функционалдарды жасау арқылы материалдар мен заттарды қайта пайдалану) өткізіледі. Сонымен қатар, фестивальде флористер арасындағы байқау, суретшілер, сəулетшілер, мүсіншілер арасындағы «Гүл шаһары – Астана» байқауы қорытындыланады.

Сондай-ақ «ILOVE» өз сезімін білдіру жəне «ЭКОДАР. «Менің қалам – менің үлесім» байқауының жеңімпаздары марапатталады. «GulAstana» бағдарламасында табиғатқа, қалалық қоршаған ортаға, саналы тұтынуға экологиялық қатынас саласындағы қоғамдастықтардың қызметіне арналған Publiktalk, атақты суретшілердің жанданған картиналарының шеруі, «Жанданған гүлдер» перформативті инсталляциялары болады.

Балалар үшін шеберлік сыныптары мен театрландырылған интерактивті бағдарламалар: құммен сурет салу, гүлді оригами, аппликациялар жəне саз балшықпен жұмыс жасау алаңдары ұйымдастырылады. Гүл фестивалінің ресми ашылуы 5 шілде сағат 10:00-де ЕХРО дөңгелек алаңында өтеді (кіру тегін).

Қосымша ақпарат, сондай-ақ аккредиттеу үшін байланыс – фестивальдің баспасөз хатшысы Əйгерім Жантуринаға хабарласуға болады: 8 775-102-13-12.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button