Елорда тынысы

«Халық батыры» көрмесі ашылды



Бас қаладағы Ұлттық музейде қазақ халқының батыры, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Амангелді Иманұлының 150 жылдығына арналған көрме 3 мамырға дейін жұмыс істейді.

Көрмеде тыл жұмыстарына шақыру туралы патша жарлығының жариялануына байланысты архив құжаттарының көшірмелері мен фотосуреттер, Амангелді Имановтың домбырасы, А.Иманов­тың туыстарының жеке заттары, сарбаздардың қару-жарақтары және Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің, бейнелеу өнерінің шеберлері Баки Урманче, Нағымбек Нұрмұхамедовтің кескіндеме туындылары, Қазақстанның халық суретшісі, мүсінші Хакімжан Наурызбаевтың және Украинаның халық суретшісі Ефим Белостоцкийдің мүсіндік туындылары қойылды. Сонымен қатар батырдың шөпшегі, суретші Зарина Ниязованың баһадүр бабасына арнаған суреттер сериясы да көпшілік назарына ұсынылды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button