Ел тынысы

Халықаралық спорттық туристік байқау өтті

Алматыда «Жас турист» VI Халықаралық этно-эко-экскурсиялық-спорттық туристік байқауы өтті.

Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінде Туризм мамандығында оқитын колледж студенттері арасында  «Жас турист» VI Халықаралық этно-эко-экскурсиялық-спорттық туристік байқауы ұйымдастырылды. Байқау Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына енген.Байқаудың мақсаты – Қазақстанның ішкі туризмін дамыту, қоршаған ортаны аялау, жастарды сауықтыру, рухани және табиғи жетілдіру, Қазақстан тарихын және туристік нысандарын тереңнен тану, Қазақстанды халықаралық туризмде танымал ету, шетел туристерін елімізге көптеп тарту ісін дамыту, этно туризмді және салауатты өмір салтын насихаттау, экскурсия жүргізу деңгейлерін шыңдау;
-туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін         анықтау және    тарату.

Байқауға құрамы 4 адамнан тұратын команда қатысты. 2 кезеңнен тұратын сайыстың бірінші кезеңінде өз өлкесі бойынша туристердін қызығушылығын арттыратын туристік нысанның жобасы жасалды. 2 кезеңде туристік құрал-жабдықты қолдана отырып әртүрлі өткелдерден кедергісіз өтті.
Бұл сайысқа Байқоңыр, Текелі, Түркістан калаларының, сонымен катар Алматы каласының Өзбекстан, Қырғызстан  елдерінің колледж  студенттері қатысты. Қорытындысында бірінші кезең бойынша 1 орын-Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің командасына, 2 орын-Алматы технологиялық колледжі командасына, 3 орын-Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі не берілді.
Екінші кезең бойынша 1 орынды Текелі кәсіптік  колледжінің командасы, 2 орынды Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі және  Бахмал экономика және туризм  колледжі (Өзбекстан) командалары, 3 орынды Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі және Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжі   командалары иеленді. Жеңімпаз және қатысушы командалар,  команда жетекшілері дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараның өтуіне ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы Білім басқармасы, Салалық қауымдастықтар мен   кәсіби білім беретін ұйымдар одағы, Алматы қалалық туризм басқармасы
Алматы облысы туризм басқармасы, Жетісу облысы туризм басқармасы,   Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығы қолдау білдірді.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button