Қала мен Сала

Инновациялық оқу зертханасы ашылды



«Astana Polytechnic» жоғары колледжінде «Ақпараттық кабельдік желілер» және «Электроника» бойынша WSK құзыреттілік орталығында «Электроника, телекоммуникация және байланыс бойынша» инновациялық оқу зертханасы ашылды.

Салтанатты шараға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев, «Атамекен» ҰКП, мәслихат депутаттары, жұмыспен қамту орталығының, жұмыс берушілер қауымдастығының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, индустриялық және қамқоршылық кеңестің мүшелері, жұмыс берушілер қатысты.

Зертхананы ашудағы басты мақсат – сұранысқа ие мамандарды даярлау, телекоммуникациялық байланыс жүйелері саласында жұмыс берушілермен әріптестік орнату.

Қазіргі таңда зертханада 4 мамандық бойынша 231 студент білім алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button